Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 21%-ды құрайды.
2024 жылғы 06-12 сәуірдегі синоптикалық болжамға сәйкес Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жаңбыр түрінде жауады. Түнде жауын-шашынның жаңбырдан қарға ауысуы: 07, 9 - 12 сәуірде Павлодар, еліміздің шығысында (Абай және Шығыс Қазақстан облыстары), 08 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, 8 - 11 сәуірде Қостанай, республикамыздың солтүстігінде (Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары), 09 - 12 сәуірде Қарағанды облысында, 11 сәуірде Ұлытау облысында күтіледі. Қатты жаңбыр 06 сәуірде Батыс Қазақстан облысында, 06 - 07, 11 - 12 сәуірде Алматы облысында, 06, 09 сәуірде Түркістан облысында, 06, 09, 11 сәуірде Жамбыл облысында, 08 сәуірде еліміздің орталығында (Ұлытау, Қарағанды облыстары), 09, 11 - 12 сәуірде Жетісу облысында күтіледі. Еліміздің шығысында (Абай, Шығыс Қазақстан облыстары) 09 - 10 сәуірде қатты жаңбыр, 11 - 12 сәуірде қатты жауын - шашын (жаңбыр қарға ауысады) болжанады.
Жауын-шашынның тоқтауы еліміздің батысында 09 сәуірден, солтүстік-батыста 11-12 сәуірден, республиканың солтүстігінде және Ұлытау облысында 12 сәуірден күтілуде.
Ауа температурасының солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, еліміздің орталығында түнде 0-5 жылыдан 1-6 аязға дейін, күндіз 12-20 жылыдан 3-10 жылыға дейін біртіндеп төмендейді. Батыста ауа температурасы күндіз 10-15 жылыдан 20-25 жылыға дейін жоғарылайды. Ауа температурасы оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 3-8-ден 5-10 жылыға дейін, күндіз 12-20 жылыдан 17-25 жылыға дейін, таулы аймақтарда түнде 2 градус аяз-3 градус жылы, күндіз 5-10-нан 7-17-ге дейін ауытқиды.
Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.