Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 7%-ды құрайды.
Синоптикалық болжамға сәйкес 13-19 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жаңбыр түрінде болады деп болжануда, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында түнде жаңбыр қарға ұласады (14-15 сәуірде Ұлытау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 14-16 сәуірде Қарағанды облысында, 14, 17 сәуірде Қостанай облысында, 15-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 16-19 сәуір Шығыс Қазақстан облысында). Қатты жаңбыр 13-14, 16 сәуірде Түркістан облысында, 14-16 сәуірде Алматы, Жамбыл облыстарында, 16 сәуірде Жетісу облысында болады деп болжануда.
Жауын-шашын еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде 17 сәуірден бастап, республиканың солтүстігінде 19 сәуірден бастап тоқтауы күтіледі.
Еліміздің батысында түнде 10-18 жылыға дейін, күндіз 23-30 жылыға дейін, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде 5-12 жылыға дейін, күндіз 18-25 жылыға дейін, орталықта, шығыста түнде 5-10 жылыға дейін, күндіз 15-23 жылыға дейін, оңтүстікте түнде 8-17 жылыға дейін, күндіз 22-30 жылыға дейін ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 5-12 жылы, күндіз 18-25 жылыға дейін біртіндеп жоғарылайды.