- Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Ақмола облысының аумағындағы салалар бойынша Есіл өзені бойынша судың түсуі есебінен (Жабай, Қалқутан және т. б.);
- Батыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясының аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуі есебінен;
- Атырау облысының аумағында Батыс Қазақстан облысының аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуі есебінен;
- Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан таулы өзендерде су тасқыны кезеңі "әдетте" жазық өзендерден кейін өтеді.
Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында Есіл өзенінің кейбір салаларында су тасқыны шыңдары өтіп жатыр, бұл Есіл өзенінде су деңгейінің қайта көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, су деңгейінің көтерілуі Нұра өзенінің төменгі ағысында жалғасуда.