Республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік дәнді дақылдар себілген аудандарында тәуліктің күндізгі уақытында ауа температурасының плюс 20...23°С дейін көтерілуі байқалды, бұл күздік дақылдар вегетациясының қайта дамуына, өсімдіктердің өсіп өнуіне қолайлы болды.
Алматы облысының бақылау учаскелерінде күздік бидайдың жағдайы көбінесе жақсы, «түптену» - «түтікке шығу» фазасында. Өсімдіктердің биіктігі 9-19 см жетеді, 1м2 шаққандағы өсімдіктердің орташа саны 189-265 дана болған.
Жамбыл, Жетісу облыстарының бақылау учаскелерінде күздік бидайдың жағдайы тегіс жақсы, даму фазасы «3–ші жапырақ» - «түптену». Өсімдіктердің орташа биіктігі 9-20 см жетеді, 1м2 өсімдіктердің орташа саны 82-93 дана, Жетісу облысы Сарқан метеостанциясының маңайында 374 дана.
Түркістан облысында күздік бидайдың жағдайы тегіс жақсы, «түптену»– «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» фазасында. Өсімдіктердің биіктігі 14 см жетеді, Екпенді агропосты мен Қазығұрт станциясының маңайындағы төмен өскен егістердің биіктігі 6 см дейін болған, 1м2 шаққандағы өсімдіктердің жалпы саны 151 дана, бір өсімдіктің шоқтығы (Тасарық метеостанциясы) 1,9 сабаққа жетеді.
Елдің оңтүстігінде жаздық арпа себу жұмыстары жалғасуда, топырақты алдын-ала өңдегеннен кейін себу сапасы мен өсімдіктердің жағдайы жақсы. Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы жаздық дақылдардың ерте себілген егістіктерінде «дәннің өнуі» - «көктеу» даму кезеңдері байқалған.
Жеміс дақылдары (алма, алмұрт, шие) бақшаларындағы бақылау учаскелерінде «ағаш бүршіктерінің бөртуі» – «бүршіктердің бүршігін шығару» даму фазаларында, Жетісу облысының Жаркент станцияларының маңайындағы алма бақтарында «жекелеген гүл түйнегі» фазасы байқалады. Жеміс дақылдарының жағдайы тегіс жақсы.
Елдің оңтүстік аймақтарында жоңышқа, беде, эспарцет шөптерінің белсенді өсуі байқалады. Шөптердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.
Жайылымдарда мал жайылымы барлық жерде жүргізілген. Атырау облысының Қызылқоға ауданында мал басын азықтандыру жалғасуда.
Түркістан облысының Созақ ауданында және Ұлытау облысының Ұлытау ауданында малдарды жазғы жайылымдарға айдау басталды. Өткен онкүндіктің соңында жайылымдардың басым аумағы әлсіз тапталған, кейбір жайылымдар бірқалыпты тапталған. Жайылымдардағы шымның жағдайы көбінесе дымқыл, жануарлардың топырақтан өтуі кезінде іздер қалады, кейбір жайылымдарда құрғақ, жануарлардың өтуі кезінде олардың іздері аздап байқалады немесе байқалмайды. Шөптердің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық, Қарағанды облысының Қызылтау станциясының маңайында нашар.