2024 жылдың 16 сәуіріндегі жағдай бойынша Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жеке аудандарында топырақтың қатуы сақталады.
Қостанай облысының солтүстігі мен орталығында топырақтың қату тереңдігі бұрынғысынша айтарлықтай 75-84 см-ден 140-150 см-ге дейін. Жоғарғы қабаттың еруі көбінесе 18-29 см– ден 73 см-ге дейін (Қостанай, Наурызым аудандары), Бейімбет Майлин, Сарыкөл, Әулиекөл, Жетіқара, Жангелді және Амангелді аудандарында-топырақ еріген.
Солтүстік Қазақстан облысында қату тереңдігі біркелкі емес - тереңдігі 40 см 112 см дейін өзгереді. Беткі қабатының еруі баяу өтуде және тек 6-12 см-ден 50-58 см-ге дейін.
Топырақтың толық еруі тек Булаев, Саумалкөл, Тайынша ауылдарының маңайларында, ішінара Жұмабаев ауданында байқалады. Өткен аптада Петропавл қаласында, Талшык, Явленка ауылдарында және Есіл ауданының оңтүстігінде еру байқалды.
Ақмола облысында – топырақтың толық еруі Аршалы, Ерейментау, Егіндікөл, Қорғалжын және Сандықтау, Зеренді аудандарында байқалады.
Атбасар, Есіл, Астарахан аудандарында орта есеппен 30-дан 75 см – ге дейінгі қабатта, Біржан сал ауданында, Целиноград, Шортанды, Ақкөл, Жақсы, Бурабай аудандарында және Көкшетау қаласының маңайында қату тереңдігі 109-166 см, еруі-30-56 см құрады.
Қарағанды облысында қату тек Осакаров ауданында 44-150 см топырақ қабатында және Ақтоғай ауданында 30-55 см қабатта сақталады.
Павлодар облысында – қатқан топырақ қабатының қалыңдығы 30-40-тан 140 см-ге дейін, кей жерлерде 200 см-ден асады. Қатқан топырақтың төменгі шекарасы 61-ден 150 см-ге дейінгі тереңдікте байқалады, облыстың солтүстік-шығысында ол 275 см жетеді, жоғарыдан еруі 20-22 см Ертіс және Железин аудандарында, Павлодар, Успенка, Ақтоғай аудандарында 100-128 см дейін біркелкі емес.
Толық еруі Ертіс және ішінара Павлодар, Ақтоғай, Шарбақты аудандарында байқалады.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қату тереңдігі Бесқарағай, Бородулиха, Ұлан, Катонқарағай аудандарында сақталады – қатудың төменгі шекарасы 72–100 см, еруі 38 – 70 см. Глубокое және Алтай аудандарында 32-43см, еруі 2-12 см. Қалған аумақтарда топырақ толығымен еріген.