Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің қызметкерлері
2024 жылдың 18 сәуірі күні e-hr enbek жүйесі арқылы электрондық еңбек шарттарын жасасу бойынша оқудан өтті. Оқыту семинарын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырды.
Қазақстанның барлық облыстарында орналасқан 15 өңірлік филиалды қамтитын «Қазгидромет» РМК құрамында 3000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. Жер бетіндегі бақылау желісіне республиканың бүкіл аумағында орналасқан метеорологиялық және агрометеорологиялық станциялар, экологиялық және гидрологиялық бекеттер кіреді.
E-hr enbek - Электрондық еңбек биржасы жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйесінің бір бөлігі болып табылады. Бұл жүйе кадр қызметтеріне кәсіби қызметкерлерді іздеуге көмектеседі, сонымен қатар еңбек қатынастарын рәсімдеуді жеңілдетеді.