Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,51 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,94 м-ден 29,35 м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 29,08 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,62 м-ден 29,56 м-ге дейін болады деп күтілуде.
*Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2024 ж. 11 – 17 cәуір аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,86 м-ге тең, ең жоғарғы мәні - минус 28,05 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,43 м-ге сәйкес келді.
11 сәуір мен 17 сәуір аралығында Жайық – Атырау өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты М Пешнойда су деңгейі 69 см-ге жоғарылауы байқалды.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 29,09 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,62 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,60 м-ге сәйкес келді.