Қазгидромет мамыр айына құрғақшылық болжамын шығарды

IconЖарияланды 22.04.2024

Жалпы 2024 жылдың мамырында негізгі егін шаруашылығы өңірлерінде ылғалдық көбінесе нормаға жуық және жоғары болып күтілуде.
Қызылорда облысының Қармақшы ауданында атмосфералық құрғақшылық күтілуде, мұнда жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғарлауы болжанады.
Мамырда өте ылғалды болады деп күтілуде Қостанай облысының Қарасу ауданында, Батыс Қазақстан облысының Бурлин, Сырым және Қаратөбе аудандарында, Павлодар облысының Ертіс және Успенка аудандарында және Павлодар қаласында.
Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайлары қалыпты және қалыпты ылғалды болады деп күтілуде.
Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланды.
Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз