Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Оңтүстік циклонның әсерінен 25-27 сәуір аралығында еліміздің оңтүстік жартысында, 25 сәуірде еліміздің солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынды, солтүстік-батыста қиырында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Қалған аумақта антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел соғады, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі.
Суық фронт бірте-бірте еліміздің оңтүстік облыстарына ауысады, онда ауа температурасының түнде 0-12 градусқа дейін, күндіз 10-20 градусқа дейін төмендеуі күтіледі, солтүстік облыстарда суықтың шарықтау шегі сақталады. 25 сәуірде мұнда термометрлер түнде 0-8 аязға дейін, күндіз 5-13 градусқа дейін төмендедеуі күтіледі, содан кейін солтүстікте күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарлауын бастайды.