Қазақстан қоғамы үлкен шығынға ұшырады. Қазақстан Азаматтық альянсының президенті, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Темірқұлқызы Рахымбекова өмірден озды.
«Қазгидромет» РМК-ның ұжымы отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Салтанат Рахымбекова өз ісін жақсы көрді, өз елін жақсы көрді, Қазақстанның дамуы үшін жұмыс істеді. Ол өз жобаларына және республикамыздың экологиясын дамытуға жанын салды. Біз оны жарқын, мейірімді, сенімді адам және өз ісінің маманы ретінде еске аламыз.
Иманды болсын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болып, жәннәттан орын бұйырсын.