Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,50 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,77 м-ден 29,39 м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 29,10 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,65 м-ден 29,55 м-ге дейін болады деп күтілуде.
*Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2024 ж. 25 cәуір – 1 мамыр аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,65 м-ге тең, ең жоғарғы мәні - минус 27,80 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,38 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 29,06 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,63 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,51 м-ге сәйкес келді.