Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күздік бидайдың өсіп дамуына көбінесе қолайлы жағдай болған. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нормаға жуық және нормадан жоғары жауған жауын-шашын топырақта ылғалдың жиналуына ықпал еткен. Оңтүстік-шығыста күздік бидай байқаланатын учаскелерде «түтікке шығу» - «масақтану» фазалары байқалған. Өсімдіктердің биіктігі 20 см 57 см дейінгі аралықта болған. 1м2 шаққандағы өсімдік сабақтарының жалпы саны 107-ден 566 данаға дейін. Күздік бидайдың жағдайы көбінесе жақсы.
Республиканың оңтүстік облыстарында егін жұмыстары жалғасып жатқан, Алматы және Жетісу облыстарынан басқа аймақтарда жаздық дәнді дақылдарды себу науқаны аяқтауда. Алматы облысында жаздық бидай бақыланатын учаскелерде «түптену» даму кезеңі байқалады. Жаздық бидайдың жағдайы көбінесе жақсы. Өсімдіктердің биіктігі 11-15 см. Егіннің сапасы мен өсімдіктердің жағдайы жақсы. Жаздық арпа дақылдарында «көктеу» - «түптену» даму кезеңдері байқалған. 1 м2 өсімдіктердің орташа саны 229-274 дана.
Жамбыл және Жетісу облыстарында жаздық арпа егістіктерінде «3-ші жапырақ» - «түптену» фазалары болған. Жаздық арпаның жағдайы көбінесе жақсы. Өсімдіктердің биіктігі даму фазасына байланысты 9 см 28 см дейін болған. 1 м2 өсімдіктердің орташа саны 102-484 дана.
Түркістан облысында жаздық арпа дақылдарында «түптену» - «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» даму кезеңдері байқалған. Жаздық арпаның жағдайы көбінесе жақсы. Өсімдіктердің биіктігі 16-20 см. 1 м2 шаққандағы өсімдіктердің орташа саны 280 дана.
Қарағанды облысының Абай ауданында (Агроқалашық АМП) жаздық арпа егістіктерінде «3-ші жапырақ» даму кезеңі байқалған. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы. Қарқаралы, Бұқар Жырау және Нұра аудандарында топырақты алдын ала өңдегеннен кейін жаздық бидай егуге кіріскен.
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында (Лубенка метеостанциясы) жаздық арпа егістіктерінде «көктеу» даму кезеңі орын алған. Тасқала және Теректі аудандарында, Орал қаласының маңайында және Ақтөбе облысының Новоалексеевка метеостанциясының маңайында жаздық бидай егуге кіріскен.
Абай облысының Үржар ауданында жаздық бидай егістіктерінде «көктеу» - «3-ші жапырақ» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы жақсы, арамшөптер жоқ.
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан, Катонқарағай, Глубокое, Көкпекті аудандарында жаздық бидай мен арпа егуге кіріскен.
Келес ауданының Ошақты агропосты мен Түркістан облысының Шымкент метеостанциясының маңайында жүгеріде «3-ші жапырақтың пайда болуы» - «7-ші жапырақтың пайда болуы» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің биіктігі 42 см. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында және Жамбыл облысының Сарысу ауданында жүгері егуге кіріскен.
Елдің оңтүстігінде жылу сүйгіш дақылдарды (соя, қант қызылшасы, мақта, күріш) егуге кірісті. Батыста мақсары (соя), шығыста күнбағыс себуге кіріскен.
Республиканың оңтүстік аймақтарында көпжылдық шөптер (жоңышқа, эспарцет, беде) егістіктерінде «гүлшоғырлардың пайда болуы» – «гүлдену» фазалары байқалады.
Өткен онкүндіктің соңында Жамбыл облысының Талас және Шу аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданында және Маңғыстау облысының кейбір жайылымдары оталмаған, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында жайылымдар қатты оталған, бірқалыпты оталған жайылымдар Алматы облысының Жамбыл ауданында, Атырау облысының Құрманғазы ауданында, Қызылорда облысының Шиелі ауданында байқалған, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында және Ұлытау облысының Ұлытау ауданында, қалған аумақтарда жайылымдар әлсіз оталған.
Жайылымдардағы шымның жағдайы көбінесе дымқыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан және Ұлытау облыстарының кейбір жайылымдарында шым құрғақ.
Мамырдың бірінші онкүндігінде ылғалданду жағдайлары жеткіліксіз болған елдің жекелеген аудандарын қоспағанда, негізгі астық егетін облыстарда топырақтың ылғалдану жағдайы қанағаттанарлық және оңтайлы болып қалыптасқан.