Шолуда 2023 жылғы (қаңтар-желтоқсан) климаттың жай-күйі және Қазақстан Республикасы мен оның әкімшілік-аумақтық облыстарының аумағындағы климаттың өзгеруі туралы қысқаша ақпарат берілген. Ауа температурасы мен жауын – шашынның климаттық аномалиялары, агроклиматтық жағдайлар, жерді қашықтықтан зондтау деректері бойынша қар жамылғысының жай-күйі, Қазақстанның ірі су айдындары – Каспий теңізі мен Балқаш көлінің су бетінің жай-күйі, экстремалды ауа райы және климаттық құбылыстар туралы деректер ұсынылған.
Шолуда келтірілген барлық бағалар «Қазгидромет» РМК мемлекеттік бақылау желісінің станциялары мен бекеттеріндегі гидрометеорологиялық бақылаулардың деректерін пайдалана отырып алынды. Климаттық өзгерістерге шолу жасау үшін «Қазгидромет» РМК Республикалық гидрометеорологиялық қорының 121 метеорологиялық станциясының деректері (1941 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңдегі жер бетіндегі ауа температурасы мен атмосфералық жауын[1]шашынның уақыт қатарлары, сондай-ақ 2023 жылғы қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы деректер) пайдаланылды.
Уақыт қатарлар қаралатын шамалардың жалпы Қазақстан аумағы бойынша және оның 17 әкімшілік-аумақтық облыстары бойынша орташаланған жылдық және маусымдық орташа аномалиялары үшін келтіріледі. Қазақстан облыстарының шекаралары төмендегі карта-схемада көрсетілген.
https://www.kazhydromet.kz/klimat/obzor-ob-osobennostyah-klimata-na-territorii-kazahstana