Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде қолайсыз ауа-райы сақталады. Атмосфералық фронттар еліміздің барлық дерлік аймақтарында найзағай, бұршақ және екпінді желмен жаңбыр жауады. 24-25 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 25 мамырда орталықта жауын-шашын жаңбыр қарға ауысады, кей уақыттарда қатты жауын-шашын күтіледі. Тек кейбір күндері батыс және оңтүстік аймақтарда жоғары қысымның әсерінен жаңбырдың тоқтауы болжанады.
Республиканың батыс, солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарындағы Скандинавия түбегінің аудандарынан жоғары қысымды аймақтың енуімен түнгі және таңертеңгі сағаттарда 3 градусқа дейін үсік болады, күндізгі уақыттарда солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда 5-13 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында оңтүстік-батыс ағындары температураның 20-30 градус жылыға дейін жоғарылауына себеп болады.