Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,52 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,12 м-ден 29,49 м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 29,02 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,62 м-ден 29,43 м-ге дейін болады деп күтілуде.
*Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2024 ж. 30 мамыр – 5 маусым аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,32 м-ге тең, ең жоғарғы мәні - минус 27,18 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,29 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,99 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,59 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,40 м-ге сәйкес келді.