«Қазгидромет» РМК Мемлекеттік бақылау желісінің деректері бойынша мамыр айының үшінші онкүндігінде республиканың солтүстік жартысының барлық астық себетін аудандары жаздық дәнді дақылдарды себуді, егістіктерді арамшөптерге қарсы гербицидтермен өңдеуді жалғастыруда. Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында жауған жауын-шашын егіс науқанын қиындатып, бұл дала жұмыстарын жүргізу қарқынын тежеді. Елдің солтүстігінде, батысында, шығысында және орталығында орын алған минус 1-3°С ауадағы түнгі үсік және топырақ бетіндегі минус 1-5°С дейінгі қысқа мерзімді үсік көктеген дәнді дақылдар үшін қауіпті болмаған. Бұл жағдайда төменгі температурада дәннің өнуі және көктеу процестері баяу жүруі мүмкін.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаздық дәнді дақылдар бақыланатын учаскелерде «түтікке шығу»-«масақтану», тау бөктеріндегі аудандарда «3-ші жапырақ»-«түптену» даму фазалары байқалды. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы. Өсімдіктердің биіктігі 12-45 см.
Батыста жаздық дәнді дақылдар егістіктерінде «көктеу»-«3-ші жапырақ», Лубенка агропосты мен Федоровка метеостанциясының маңайында «түптену» даму фазасы байқалады. Жаздық бидайдың биіктігі 13-16 см, арпаның биіктігі 21 см. Ақтөбе облысында дәнді дақылдардың егістіктерінде «көктеу» - «3-ші жапырақ» фазалары орын алған, сұлыда «түйін тамырының пайда болуы» фазасы байқалған. Өсімдіктердің биіктігі 12-14 см. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы.
Солтүстікте (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында) жаздық дәнді дақылдарды себу жұмыстары жалғасуда, егістіктерде «дәннің өнуі»-«3-ші жапырақ» даму фазалары байқалған, Павлодар облысының Ертіс ауданында (Голубовка метеостанциясы) жаздық арпа егістіктерінде «түйін тамырының пайда болуы» фазасы орын алды. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және керемет.
Еліміздің орталығында жаздық дәнді дақылдарды себу жалғасуда, Абай ауданында (агропост Агроқалашық) жаздық арпа егістіктерінде сәуір айының екінші онкүндігінде егілген алқаптарда «түтікке шығу» даму фазасы байқалған. Жаздық бидай дақылдарында «көктеу» - «түйін тамырының пайда болуы» даму кезеңдері байқалады. Өсімдіктердің биіктігі 10-28 см, жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы.
Еліміздің шығысында жаздық дәнді дақылдарды себу жалғасуда, жаздық бидай егістіктерінде «көктеу» - «3-ші жапырақ», ерте егілген егістіктерде «түйін тамырларының пайда болуы» - «түптену», Абай облысының Үржар ауданында жаздық бидай егістіктерінде «түтікке шығу» даму фазалары байқалады. Жаздық бидайдың биіктігі 10-26 см аралығында болған, өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күздік бидайдың өсіп, дамуына көбінесе қолайлы жағдайлар болған. Жауған жаңбыр топырақта ылғалдың жиналуына ықпал еткен. Күздік бидай бақыланатын учаскелерде «масақтану»-«гүлдену» даму фазалары, Аса және Төле Би метеостанцияларының маңайында және Шымкент метеостанциясында «дәннің сүттенуі» фазасы байқалады. Өсімдіктердің биіктігі 40-94 см аралығында болды. Күздік бидайдың жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.
Еліміздің оңтүстігінде жылу сүйгіш дақылдардың (соя, күріш, мақта) егістіктерінде, Түркістан облысында мақта егістіктерінде жапырақтардың өсуі байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы. Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарында күріш дақылдарында «көктеу» - «3-ші жапырақ» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы. Алматы облысының Бақанас метеостанциясы маңайында күріш чектеріне су ағызуға кіріскен. Түркістан облысында мақта дақылдарында көбінесе жапырақтардың өсуі байқалады, өсімдіктердің жағдайы жақсы және өте жақсы.
Күнбағыс дақылдарында егін жұмыстары жалғасуда, бақылау жүргізілетін учаскелерде Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында «көктеу» - «2-ші жапырақ жұбы» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы жақсы және өте жақсы.
Солтүстік Қазақстан облысында майлы зығырын себу жалғасуда. Батыста құмай егуге кіріскен, мақсары дақылдарында «нағыз 2-ші жұпты жапырақтар» даму фазасы байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы. Алматы, Жетісу облыстарында картоп бақыланатын учаскелерде «көктеу» даму фазасы байқалған. Солтүстікте және орталықта бақыланатын егістерде картоп отырғызу жалғасуда.
Республиканың оңтүстік өңірлерінде көпжылдық шөптер (жоңышқа, эспарцет, беде) егістіктерінде «гүл шоғырларының пайда болуы» – «тұқымның пісуі» фазалары байқалады, Алматы облысының Ақсеңгір, Жетісу облысының Үштөбе және Түркістан облысының Бөген метеостанцияларының маңайында жасыл массаның алғашқы орылуы байқалады.
Жайылымдардағы шымның жай-күйі көбінесе дымқыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарының кейбір жайылымдарында шым құрғақ.
Жайылымдағы шөптердің жалпы визуалды жағдайы көбінесе «жақсы», кейбір жайылымдарда «қанағаттанарлық».
Мамырдың үшінші онкүндігінде елдің негізгі астық себетін аймақтарында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты топырақтың ылғалды жинақтау жағдайлары топырақтағы ылғалдың қанағаттанарлықсыз қоры байқалған жекелеген аудандарды қоспағанда, қанағаттанарлық және оңтайлы болып қалыптасқан.