Қазгидромет GeoSystem Research Corporation компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді

IconЖарияланды 13.06.2024

2024 жылғы 13 маусымда Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің мамандары мен Geosystem Research Corporation корей компаниясы өкілдерінің кездесуі өтті.

Қонақтар атмосфераны, өзендер мен теңіздерді мониторингілеу және талдау, су және энергетикалық ресурстарды басқару, сондай-ақ көміртегі бейтараптығын қолдау үшін аналитикалық жүйелер мен әзірлемелер жасау саласындағы өз өнімдерімен және қызметтерімен таныстырды.

Сонымен қатар кездесу барысында Қазгидромет қызметкерлері су бетін мониторингілеу, экологиялық зерттеулер және экожүйені бағалау саласындағы корей технологиясымен танысты.

GeoSystem мамандары климаттың өзгеруімен күресуге, су ресурстарын басқаруға және метеорологиялық зерттеулер жүргізуге арналған өзінің озық технологиялар тәжірибесін енгізу арқылы Орталық Азия елдеріндегі ынтымақтастықтың ұлғая түсетініне сенім білдірді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз