Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Маңғыстау облысында қалыптасқан жағдайға байланысты, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК 2020 жылғы 5-6 тамызда Маңғыстау облысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауғаны байқалғанын хабарлайды.
Тәулік ішінде түскен жауын-шашын мөлшері: 2020 жылғы 5 тамызда Форт-Шевченко метеостанциясында – 23 мм құрады, бір айдағы норма 7 мм.
6 тамызға қараған түні Ақтау қаласының өзінде найзағай ойнап, қатты нөсерлі жаңбыр байқалып, 66 мм жауын-шашын мөлшері түсті, бір айдағы норма 6 мм.
«Қазгидромет» РМК 6 тамызға Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы бойынша күтілетін мол жауын-шашын, найзағай және дауылды жел жөнінде алдын ала дауылды ескерту шығарды және таратты.