Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде ведомстволық және жеке архивтерде құжаттарды қабылдау, сақтау, есепке алу және пайдалану мәселелеріне арналған семинар өтті. Семинарға Қазақстан Республикасының Ұлттық архивін толымдайтын көздер болып табылатын ұйымдардың құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ іс жүргізу үшін жауапты адамдар мен архившілер шақырылды.
«Қазгидромет» РМК тарапынан құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Назира Жұматаева қатысты.
Баяндамалардың соңында Ұлттық архивтің директоры Сағила Нұрланова қатысушыларға алғыс хаттарды табыс етті. Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын толымдау көзі болып табылатын «Қазгидромет» РМК ведомстволық архивінің құжаттарын қалыптастыруға, дұрыс сақтауға және пайдалануға белсенді қатысқаны үшін Назира Жұматаеваға ерекше алғыс білдірді.