Қазақстан бойынша 2024 жылғы шілдеге арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 01.07.2024

Шілде айының бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде циклонмен және атмосфералық фронтальды бөлімдермен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте және Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты жаңбыр күтілуде, олар найзағаймен, бұршақпен және қатты желмен бірге жүреді. Елдің оңтүстігінде шаңды дауылдар болады деп күтілуде.

Аптап ыстықтың төмендеуі болжануда: еліміздің солтүстігінде, шығысында түнде + 10+15°С дейін, күндіз +18+28°С дейін;

республиканың орталығында түнде +10+18°С дейін, күндіз +22+28°С дейін;

оңтүстік-шығыста түнде +15+20°С дейін, күндіз +22+30°С дейін;

Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде температура фонының  түнде +12+17°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +27+32°С-тан +35+43°С-қа жоғарылауы күтілуде.

Бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндіктің басында ыстық күндер Республиканың басым бөлігіне қайта оралады.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде шілденің ыстық күндері аздаған уақытқа салқын және жаңбырлы найзағаймен, қатты жел, бұршақ және шаңды дауылмен ауысады деп күтілуде. Ауа температурасының ауытқуы болжанады:

еліміздің батысында түнде +15+22°С-тан +19+25°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +33+38°С-қа дейін;

солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +7+17°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз +17+27°С-тан +30+37°С-қа дейін;

оңтүстікте және оңтүстік-батыста түнде +14+23°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +30+36°С-тан +35+43°С-қа дейін;

оңтүстік-шығыста түнде +10+18°С-тан +17+25°С-қа дейін, күндіз +25+36°С-тан +33+40°С-қа дейін.

 

Ескерту: бір айға арналған болжам консультативтік ретінде пайдаланылуы керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндік ауа райы болжамдарымен нақтыланады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз