«Қазгидромет» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ-да оқып жатқан Шыңжаң университетінің (ҚХР) студенттері үшін көшпелі сабақ өткізді.
«Methods of assessing the anthropogenic impact on the environment: geosystems, society, education, culture and worldview» («Қоршаған ортаға антропогендік әсерді бағалау әдістері: геожүйелер, қоғам, білім беру, мәдениет және дүниетаным») халықаралық жазғы мектебі аясында білім алушылар үшін метеорологиялық станцияда практикалық сабақ ұйымдастырылды.
Студенттер дәстүрлі метеорологиялық станцияның жұмысымен танысты және оларға бақылау аспаптары мен әдістері көрсетілді.