Аяқталған маусым соңғы жылдардағы маусымдай Қазақстанның барлық аумағында жылы болды. Еліміздің солтүстік жартысында көп мөлшерде, керісінше елдің оңтүстік жартысында құрғақ жауын-шашынмен сипатталды.
Айдың басым бөлігінде ел аумағына |Қара және Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының енуі жүзеге асырылды, нәтижесінде көптеген аймақтарда өрт қаупінің жоғары деңгейі тіркелді. Айдың ортасында және соңында ауа температурасының рекордтық жоғары мәндері байқалды. Күндізгі уақытта термометрлердің бағандары елдің батысында, оңтүстігінде +35+43°С - қа, солтүстік және орталық облыстарда +30+40°С дейін көтерілді, мысалы, 9 маусымда Қызылордада термометрлердің бағандары +40,5°С-қа жетті, осылайша 2016 жылғы рекорд +40,1°С жаңартылды, айдың 17 маусымында Ақтөбеде 2006 жылғы рекорд жаңарып, +39,2°С құрады, алдыңғы рекорд +38,5°С, Атырауда 18 маусымда ауа температурасы +41,5°С дейін көтеріліп, 2010 жылғы рекордты +41,0°С жаңартты. 28 маусымда Алматыда ауа температурасы +37,0°С деңгейіне жетті, осылайша 2014 жылғы +35,5°С - ты құраған рекорд жаңартылды.
Бір ай бойы республиканың солтүстік жартысында жиі циклонның басымдылығы байқалды. Белсенді атмосфералық фронттардың өтуі нәтижесінде найзағаймен, екпінді желмен, кей аудандарда бұршақпен бірге қысқа мерзімді жаңбыр жауды. 7-9 маусымда солтүстік аудандарда 15-89 мм - ге дейін қатты жаңбыр жауды, 9 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында Тайынша метеостанциясында тәулік ішінде рекордтық жауын-шашын мөлшері - 89 мм тіркелді, бір айда нормасы 46 мм, бұл ретте диаметрі 3 см-ге жететін үлкен бұршақ байқалды.
Астана қаласында бір айдағы орташа ауа температурасы +21,8°С құрады, бұл нормадан 2,2° С жоғары болды, норма +19,6°С. Ең жоғары ауа температурасы 28 маусымда байқалды және +36,5°С құрады, 2014 жылғы рекорд - +35,4°С жаңартылды. Елордадағы ең төменгі ауа температурасы 1 маусымда тіркелді, +6,2°С. Жауын - шашын климаттық норма шегінде - 46 мм, бір айдағы норма 40 мм шамасында.