Теңіз деңгейі шекті белгіден төмен түсуі күтілуде

IconЖарияланды 07.08.2020

Каспий теңізінің максималды тереңдігі − Оңтүстік Каспий ойпатында, оның беткі деңгейінен 1025 метр қашықтықта. Каспий теңізі тереңдігінің үлкендігі бойынша Байкал (1620 м) мен Танганьикадан (1435 м) кейін тұр. Сонымен қатар, Каспийдің солтүстік бөлігі (Қазақстан аумағы) − таяз: оның ең үлкен тереңдігі 25 метрден аспайды, ал орташа тереңдігі — 4 метр.  

«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізінің деңгейіне болжам жасайды. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде деңгейдің ауытқуы ең жоғары белгі минус 27,62 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,60 м дейін төмендеп, минус 28,01 м белгісі шамасында болады деп күтіледі.

06-11 тамыз аралығында Пешной метеостанциясы ауданында теңіз деңгейі шекті белгіден төмен түседі деп күтілуде!

Каспий теңізінің ортаңғы бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғары белгі минус 27,87 м белгісіне дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,49 м дейін төмендеп, минус  28,17 м белгісі шамасында болады деп күтілуде.

2020 жылғы 22 шілдеден - 03 тамызға кезеңіндегі Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі өткен аптаның болжамына сәйкес келеді.

Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 03 тамыздағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті.

Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kk/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында ұсынылған.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз