Еліміздің солтүстік жартысында қатты жаңбыр жауады

IconЖарияланды 26.07.2024

Алдағы күндері Қазақстанның ауа-райын оңтүстік циклон қалыптастырады, онымен өткінші жаңбыр сақталады, 27 шілдеде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, 28 шілдеде Абай облысында, 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстарында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. ҚР бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және жел күшейеді деп күтілуде.

Ауа температурасы еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде +8+13°С дейін, күндіз +15+25° дейін, шығыста күндіз +23+32°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі, қалған облыстарда күрт өзгерістер болжанбайды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз