2024 жылдың шілде айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 26.07.2024

Республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының көптеген аудандарда жаздық дәнді дақылдар бақыланатын учаскелерінде «дәннің сүттену» - «толық пісу», жекелеген аудандарда – «гүлдену», Алматы облысында (Бақанас метеостанциясы) және Жамбыл облысында (Қордай, Сарыкемир) бақылау учаскелерінде жаздық арпаны және бидайды жинау науқанына кіріскен. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы.

Еліміздің батысында Батыс Қазақстан облысында жаздық дәнді дақылдар егістіктерінде «дәннің сүттену» - «дәннің уыздану», Ақтөбе облысында «масақтану» - «гүлдену», Құмкұдық метеостанциясының маңайында «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» даму фазалары байқалған. Өсімдіктердің жағдайы жақсы және қанағаттанарлық, Переметное метеостанцияның маңайында нашар, онда масақтардың сарғаюы байқалады. Новоалексеевка метеостанциясының маңайында жаздық бидайда өсімдіктердің толық құрғауы (өсімдіктердің зақымдануы) байқалады. Ақтөбе облысының Мартук метеостанциясының маңайында сұлы бақыланатын учаскелерде «дәннің уыздану» фазасы байқалады. Өсімдіктердің жағдайы жақсы.

Солтүстікте (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары) себу мерзімдеріне байланысты жаздық дәнді дақылдардың егістіктері «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» - «масақтану», кеш себілген егістіктерде «түптену» - «түтікке шығу» фазаларында болған. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық. Ақмола облысының Атбасар метеостанциясының маңайындағы жаздық бидай егістіктерінде өсімдік сабақтарының құрғауы, Солтүстік Қазақстан облысының Саумалкөл метеостанциясының маңайында өсімдік мүшелерінің сарғаюы, Қостанай облысының Федоровка метеостанциясының маңайында өсімдіктің төменгі қабаттарында жапырақтардың сарғаюы байқалады.

Елдің орталығында (Қарағанды, Ұлытау облыстары) жаздық бидай мен арпа егістіктері «масақтану» - «гүлдену» фазаларында, ерте себілген егістіктерде «дәннің сүттенуі», Абай ауданында Агрогородок бекеті маңайында жаздық арпа егістіктерінде «толық пісу» фазалары байқалады. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы.

Еліміздің шығысында (Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында) жаздық бидай егістіктерінде көбінесе «масақтану» - «гүлдену», жеке аудандарда «дәннің сүттену», кеш себілген егістіктерде «түтікке шығу» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы жақсы және өте жақсы.

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында (Жетісу, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары) күздік бидай бақыланатын учаскелерде Алматы облысының Жаланаш метеостанциясы мен Түркістан облысының Тасарық метеостанциясын қоспағанда, «толық пісу» даму фазасы байқалады, онда егістіктерде «дәннің уыздануы» байқалды. Алматы облысының Ақсеңгір, Жетісу облысының Талдықорған метеостанцияларының маңайларында және Жамбыл облысында егін жинауға кіріскен.

 Елдің оңтүстігінде (Түркістан облысы) жылу сүйгіш дақылдарда (соя, мақта) мақтада көбінесе «гүлдену» фазасы, сояда «гүлденудің басталуы» - «бұршақтың пайда болуы»  фазалары байқалған. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.

Жетісу облысында қант қызылшасы егістіктерінде «қатар аралықтарын жабу» кезеңі жалғасуда. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы.

Жүгері егістіктерінде Алматы облысында, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында жапырақтардың өсу кезеңі байқалады. Жағдайы көбінесе жақсы.

Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарында күріш егістіктерінде көбінесе «масақтану» даму фазасы, Жетісу облысының Үштөбе метеостанциясының маңайында «дәннің сүттенуі» байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы.

Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында күнбағыс егістіктерінде «гүлшоғырлардың пайда болуы» - «гүлдену» фазасы жалғасуда. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және кейбір жерлерде өте жақсы.

Солтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскелерінде майлы зығыр дақылдарында «гүлшоғырлардың пайда болуы» – «гүлдену» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы.

 Алматы, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында картоп бақыланатын учаскелерде «гүлшоғырлардың пайда болуы» - «гүлденудің соңы» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы.

Жайылымдардағы шымның жағдайы көбінесе құрғақ, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы облыстарындағы кейбір жайылымдарда шым ылғалды болған.

Жайылымдық шөптердің көпшілігінің өсуі мен дамуы үшін агрометеорологиялық жағдайлар қолайлы болған, жайылымдардағы шөптердің жалпы визуалды жағдайы жақсы, кейбір жайылымдарда қанағаттанарлық. Алматы облысының Балқаш және Еңбекшіқазақ аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында және Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар, Уәлиханов аудандарында жағдайы өте жақсы.

Шілденің екінші онкүндігінде топырақта ылғал қорының жинақталуы үшін ең қолайлы жағдайлар елдің басты астық егетін аймақтарында байқалған, онда онкүндік ішінде көбінесе нормаға жуық және одан жоғары жауын-шашын болған.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз