08-10 тамыз аралығында еліміздің көп бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай, қатты жел, бұршақ жауады, ең қарқынды жаңбыр 08-09 тамызда батыста, 08-10 тамызда солтүстік - батыста, солтүстікте, 09-10 тамызда орталықта, 10 тамызда шығыста күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейеді деп күтілуде.
Еліміздің оңтүстігінде күндізгі уақытта +38+45°С өте қатты ыстық, ал республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы +15+22°С дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.