2024 ж. 15 – 20 тамыз аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

IconЖарияланды 16.08.2024

Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,66 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,10 м-ден 29,40 м-ге дейін болады деп күтілуде.

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 29,23 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,86 м-ден 29,50 м-ге дейін болады деп күтілуде.

*Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.

2024 ж. 8 – 14 тамыз аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы, Тюлений (Росгидромет)) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,95 м-ге тең, ең жоғарғы мәні - минус 28,46 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,35 м-ге сәйкес келді.

Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 29,20 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,54 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,49 м-ге сәйкес келді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз