2024 жылдың 26 тамызы күні Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің баспасөз орталығы салтанатты түрде ашылды

IconЖарияланды 26.08.2024

Баспасөз орталығы жұмысының мақсаты - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру болып табылады. Онда ауа-райын болжау, гидрологиялық, агрометеорологиялық, экологиялық мониторинг және климаттың өзгеруі мониторингісі жөніндегі маңызды оқиғалар баяндалатын болады.

Баспасөз орталығы ауа райы болжамы, өнімділік, құрғақшылық, өрт қаупі, дәнді дақылдарды жинау жағдайлары, су тасқыны кезіндегі гидрологиялық болжамдар тақырыбына және басқа да әртүрлі ақпаратқа қатысты тұрақты брифингтер өткізуді жоспарлап отыр.

 Баспасөз орталығында тікелей трансляциялар, телеарналардың тікелей эфиріне шығу, бағдарламалар мен YouTube арналары үшін мамандармен сұхбат жүргізу, түсініктемелер беру жұмыстары жүргізілетін болады.   

Жарияланымдарды «Қазгидромет» РМК ресми сайтынан (www.kazhydromet.kz), сондай-ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінен қарауға болады.

Біздің жұмысымыз ең әуелі халық пен мемлекеттік органдар үшін пайдалы болады деп үміттенеміз!

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз