Еліміздің оңтүстік жартысында бақыланатын учаскелерде жаздық бидайды жинау жұмыстары жалғасуда (Алматы, Жетісу облыстары).
Республиканың солтүстік жартысында жаздық дәнді дақылдарда көбінесе «дәннің уыздануы» - «толық пісуі», Ақмола облысында «дәннің сүттенуі» - «уыздануы», кеш себілген егістерде «гүлдену» кезеңдері байқалады. Батыста «дәннің уыздануы» - «толық пісуі» даму фазалары байқалған. Жаздық бидай мен арпаның жағдайы көбінесе жақсы, кейбір жерлерде қанағаттанарлық.
Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында жаздық дәнді дақылдарды іріктеп жинауға кіріскен.
Оңтүстік-шығыста күздік бидай егістіктерінде егін жинау жалғасуда. Елдің оңтүстігінде (Түркістан облысы) жылу сүйгіш дақылдарда (соя, мақта) мақтада «гүлдену» кезеңі жалғасуда, сояда «гүлденудің соңы» - «пісудің бірінші кезеңі» фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.
Жетісу облысында қант қызылшасында «төменгі сыртқы жапырақтардың сарғаюы» фазасы жалғасуда. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы.
Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарындағы жүгері егістіктерінде «уыздану» - «толық пісу», Алматы облысының Шелек метеостанциясының маңайында «дәннің сүттенуі» даму кезеңдері байқалады. Жағдайы көбінесе жақсы.
Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарында күріш егістіктерінде көбінесе «дәннің уыздануы» - «толық пісу» даму фазалары, Алматы облысы Бақанас метеостанциясының маңайында «дәннің сүттенуі» байқалады. Күріштің жағдайы көбінесе жақсы, кейбір егістерде қанағаттанарлық.
Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында күнбағыс егістіктерінде «гүлдену» - «пісу», Шығыс Қазақстан облысының Новоахмирово метеостанциясының маңайында «егіндік пісуі» фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және кейбір жерлерде өте жақсы.
Солтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскелерінде майлы зығыр дақылдарында «ерте сарыланып пісуі» даму фазасы байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық.
Алматы, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында картоп бақыланатын учаскелерде «гүлденудің соңы» - «пәлектің солуы» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы.
Мал шаруашылығы аумағының басым бөлігінде жайылымдар әлсіз тапталған, Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданында жайылымдар және Маңғыстау облысында кейбір жайылымдар тапталмаған, Алматы облысының Жамбыл ауданында, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында, Қостанай облысының Арқалық ауданында жайылымдар қатты тапталған, қалған жайылымдар бірқалыпты тапталған. Жайылымдардағы шымның жағдайы көбінесе құрғақ, Ақтөбе, Қарағанды облыстарындағы кейбір жайылымдарда шым дымқыл болған.
Жайылымдағы шөптердің жалпы визуалды бағалау бойынша жағдайы көбінесе жақсы, кейбір жайылымдарда қанағаттанарлық. Жақсы жағдайы Алматы облысының Балқаш және Еңбекшіқазақ аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар және Уәлиханов аудандарында байқалады.
Тамыздың екінші онкүндігінде топырақ ылғал қорының жинақталуы үшін ең қолайлы жағдайлар елдің негізгі астық егетін аймақтарында байқалған.