«Қазгидромет» РМК-нің бірқатар маманы 2024 жылдың 21 маусымы күні Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университетінде қорытынды аттестаттау жұмыстарын ойдағыдай қорғады. Жұмыс тақырыптарының бірі – «Қазақстанда жазғы маусымда жоғары ауа температурасының қалыптасуы жағдайларын талдау» деп аталды, оны «Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді ауа райы болжамдары басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова лайықты түрде қорғады.
Ж. Исабекованың курсты бітіру бойынша аттестаттау жұмысы Қазақстан аумағында жоғары ауа температурасының қалыптасу жағдайларын зерттеу мәселесіне арналды. Бұл жұмыстың нәтижесі практикалық тұрғыдан маңызды болып табылады, ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ауа-райын болжауда қолданылатын болады.
Ақнұр Әбдуллина өз біліктілік жұмысын «Эль-Ниньоның жердің солтүстік жарты шарының климатына әсері», ал Ақмарал Әбілханова - «Қазақстанда 2010-2020 жылдар аралығында орын алған стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстарға шолу» тақырыбы бойынша қорғады.
«Қазгидромет» РМК өз қызметкерлерін жоғары ғылыми жетістіктерімен құттықтайды және ауа райын болжау саласында одан әрі жаңалықтар ашуды тілейді.