12 тамызда «Каспий күнін» атап өту әдетке айналған, бұл дәстүр 2008 жылдан бастап, Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Негіздемелік Конвенция күшіне енген кезде пайда болды, оны Тегеран деп атайды. Тегеран Конвенциясы Каспий маңы елдері арасында қол қойылып, теңіз ортасына антропогендік әсерді реттеудің, биологиялық ресурстарды қорғау мен жаңғыртудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ елдер арасында бірлескен шешімдер қабылдаудың рәсімдік мәселелерін айқындады.
Каспий күні Каспий теңізінің бірегей биоалуантүрлілігін сақтау қажеттілігіне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында жыл сайын Каспий маңындағы барлық бес елде атап өтіледі. Каспий - дүниежүзіндегі ең ірі ішкі су айдыны, қазіргі уақытта Каспийдің деңгейі әлемдік мұхиттың орташа деңгейінен 28,2 м төмен. Аумағы 370 мың шаршы километрден асады.
«Қазгидромет» РМК Каспий теңізіне тұрақты гидрометеорологиялық зерттеулер жүргізеді, жер бетінің жай-күйіне апта сайын шолу жасайды, жиналу-қарқындау құбылыстарын болжайды, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізеді.
Каспий теңізінің мониторингі мәселелері бойынша «Қазгидромет» қызметі туралы толығырақ ақпарат https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/kaspiyskoe-more сайтында ұсынылған.