2024 жылдың тамыз айының 3-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 09.09.2024

Еліміздің оңтүстік жартысында жаздық бидай бақылау учаскелерінде егін жинау жалғасуда (Алматы, Жетісу облыстары).

Республиканың солтүстік жартысында жаздық дәнді дақылдарда көбінесе «толық пісу» фапзасы, Ақмола облысында «дәннің уыздануы» - «толық пісу», кеш себілген егістіктерде «дәннің сүттенуі» байқалады. Батыста «дәннің уыздануы» - «толық пісу» даму фазалары байқалады. Жаздық бидай мен арпаның жағдайы көбінесе жақсы, кейбір егістерде қанағаттанарлық.

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында Переметное метеостанциясының маңайында жаздық бидай жинауға кіріскен, қалған бақылау учаскелерінде жаздық дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілген. Ақтөбе облысының Қос-Истек және Байторысай метеостанцияларының маңайларында бақыланатын учаскелерде жаздық арпа жинау басталған. Қостанай облысының Ашутасты, Докучаевка, Қарабалық, Преснегорьковка және Раздольное метеостанцияларының маңайларында жаздық бидай жинау жұмыстарына кіріскен. Солтүстік Қазақстан облысының Бәйтерек, Петропавловск және Пресновка метеостанцияларының маңайларында жаздық бидай жинауға кіріскен. Қарағанды облысының Ақжол, Бүркітті, Қарағанды СХОС және Киевка агропосттарының маңайында жаздық дәнді дақылдарды жинау жұмыстары іске асырылған.

Елдің оңтүстігінде (Түркістан облысы) жылу сүйгіш дақылдар (соя, мақта) егістіктерінде мақтада «1-ші қораптың ашылуы» кезеңі жалғасуда, сояда «гүлденудің аяқталуы» - «пісудің бірінші кезеңі» фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы. Жетісу облысында қант қызылшасы дақылдарында «төменгі сыртқы жапырақтардың сарғаюы» кезеңі жалғасуда. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы.

Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында жүгері егістіктерінде «дәннің уыздануы» - «толық пісу», Алматы облысының Шелек метеостанциясы маңайында «дәннің сүттенуі» даму фазасы байқалады. Жағдайы көбінесе жақсы.

Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарында күріш егістіктерінде көбінесе «толық пісу» даму кезеңі, Алматы облысының Бақанас метеостанциясының маңайында «дәннің уыздануы» байқалады. Күріштің жағдайы көбінесе жақсы, кейбір жерлерде қанағаттанарлық.

Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында күнбағыс дақылдарында «пісу» - «егіндік пісу» фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және кейбір жерлерде өте жақсы.

Солтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскелерінде майлы зығыр дақылдарында «ерте сарғайып пісу» - «толық сарыланып пісу» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық.     Алматы, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында картоп бақыланатын учаскелерде көбінесе «гүлденудің соңы» - «пәлектің солуы» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы.

Мал шаруашылығы аумағының басым бөлігінде жайылымдар әлсіз тапталған, тапталмаған Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданындағы жайылымдар және Маңғыстау облысында кейбір жайылымдар, қатты тапталған Алматы облысының Жамбыл ауданында, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы жайылымдар, қалған жайылымдардың бірқалыпты тапталуы байқалады.

Жайылымдардағы шымның жағдайы құрғақ. Жайылымдардағы шөптердің жалпы визуалды бағалау бойынша жағдайы көбінесе «жақсы», кейбір жайылымдарда «қанағаттанарлық». Алматы облысының Балқаш ауданында, Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында «өте жақсы».

Тамыздың үшінші онкүндігінде топырақ ылғал қорының жинақталуы үшін ең қолайлы жағдайлар елдің негізгі астық егетін аймақтарында байқалған.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз