2024 жылдың 11 қыркүйегі күні Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің (ТМД ГМК) 35-ші сессиясы шеңберінде Қазақстан мен Беларусьтің Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері (ҰГМҚ) жаңартылған Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.
Екіжақты құжат - бұл Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының ҰГМҚ арасындағы 2025-2028 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы. Құжат алдағы төрт жылы екі ел арасында гидрометеорологиялық ақпарат алмасу саласында атқарылатын жұмысты қамтиды және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның құрамына кіретін ҰГМҚ халықаралық қызметінің негізгі құралы болып табылады.
Құжатқа қол қоюдың ресми бөлігі жағымды оқиғалардан басталды - іс-шараға қатысушылар Белгидрометті 2024 жылдың 1 шілдесі күні атап өтілген 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.