Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2020 жылдың тамыз айынан бастап Атырау қаласының LED экрандарында «Қазгидромет» РМК бақылау желісінен атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпарат таратыла бастады.
Атмосфералық ауаның сапасы туралы ақпаратты қазірдің өзінде Павлодар, Екібастұз, Петропавл, Ақтау, Орал, Қостанай, Талдықорған және Алматы қалаларының LED экрандарынан көруге болады.
Ауа сапасының жай-күйі туралы деректер «Қазгидромет» РМК бақылау желісінің датчиктерінен автоматты түрде қалалардың экрандарына таратылады. Ақпарат сағат сайын жаңартылып отырады және ауа жай-күйінің негізгі көрсеткіштері: Қазақстанның 45 елді мекені бойынша РМ 10, PM 2,5 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, көміртегі оксиді, күкіртсутегі бойынша деректерді қамтиды.
Сондай-ақ, Нұр-Cұлтан, Шымкент, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе, Көкшетау және Өскемен қалаларының LED экрандарында атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпаратты іске қосу жоспарлануда.