Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуімен, республикамыздың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын, республикамыздың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі күтіледі, түнде ауа температурасы 2-7 аязға дейін төмендейді. Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, орталығында Солтүстік-батыс антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Күндіз ауа температурасы еліміздің батысында +20+27°С дейін, солтүстікте, орталықта +15+23°С дейін, қиыр оңтүстікте +18+25°С дейін, оңтүстік-шығыста +12+20°С дейін баяулап көтеріле бастайды, еліміздің шығысында ауа температура +3+11°С шамасында болады.