Шымкент қаласының жекелеген аудандарында жағымсыз иістің пайда болуына байланысты, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК аймақтық филиалы мынаны хабарлайды.
Атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау Шымкент қаласында 6 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 4 қолмен сынама алу бекеті және 2 автоматты бекет. 11 көрсеткіш: қалқыма бөлшектер (шаң), РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, көміртегі оксиді, аммиак, формальдегид, күкіртсутек, озон анықталады.
2020 жылғы 7-12 тамыз кезеңінде шекті рұқсат етілетін нормалардың (ШРШ) асып кетуі бекеттердің деректері бойынша:
1) №5 ЛББ (Самал-3 ш/а) қалқыма заттар (шаң) бойынша - 2 ШРШ-ға дейін (2020 жылғы 7 және 11 тамыз) 10 асып кету жағдайы, РМ-10 қалқыма бөлшектері бойынша - 1,5 ШРШ-ға дейін (2020 жылғы 7 және 11 тамыз) 5 асып кету жағдайы;
2) №6 ЛББ (Нұрсат ш.а.) азот диоксиді бойынша 1,6 ШРШ (2020 жылғы 9 тамыз) 1 асып кету жағдайы, аммиак бойынша - 6,0 ШРШ (2020 жылғы 7 тамыз) 1 асып кету жағдайы байқалды.
Қалған заттар бойынша асып кету тіркелген жоқ. Жалпы қала бойынша жоғары (10 ШРШ-дан көп) және экстремалды жоғары ластану (50 ШРШ-дан көп) жағдайлары тіркелген жоқ.
ШРШ асып кетуін тіркеу жағдайларының жиілеуіне байланысты, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша аймақтық филиалы бұл күндері қаланың жекелеген аудандарында атмосфералық ауаның жоспардан тыс өлшеулерін жүргізуде. Жоспардан тыс өлшеулердің нәтижелері қосымша жарияланатын болады.