Ұстаздар күнімен!

IconЖарияланды 04.10.2024

Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Метеорология және гидрология кафедрасының барлық оқытушыларын Ұстаздар күнімен құттықтайды!

Гидрометеорология саласындағы табысты жұмыстың кепілі – магистрант гидрометеорологтардың жоғары білім деңгейі.

Гидрометеоролог мамандар біздің кәсіпорынның негізі болып табылады. Қазгидромет қабырғасында университет түлектерінің көптеген буындары еңбек етеді, олардың көпшілігі біздің қызметіміздің дамуына зор үлес қосты .

Біз ҚазҰУ оқытушылар құрамына гидрометеорология саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін шын жүректен ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз.

  Біз өз ұстаздарымызды қатал, әділ, талапшыл, дана, түсіністік танытатын және кез-келген жағдайда қолдау көрсетуге дайын кейіпте есімізде сақтаймыз.

Бізге тірнектеп салған білімдеріңіз үшін! Сіздердің бізге берген өмірлік сабақтарыңыз үшін! Бізге мамандыққа деген сүйіспеншілігімізді оятқандарыңыз үшін! Сіздерге алғысымыз шексіз!

Біздің мамандардың бірнеше ұрпағын тәрбиелеген Галина Константиновнаға, Людмила Матвеевнаға, Владимир Сергеевичке, Эмилия Николаевнаға, Валентина Васильевнаға, Елена Валентиновнаға, Айман Сағынбайқызына, Сәкен Қаламкалиұлына, Виталий Григорьевичке, Рустам Гарифовичке, Светлана Евгеньевнаға, Әлия Қажыбекқызына, Азамат Сансызбайұлына және көптеген Ұстаздарға зор алғыс!

Қиын-қыстау 90-шы жылдары біздің ғылымымыздың тоқырауға түспеуі, 2000-жылдары да, қазір де дамып келе жатқаны осы ұстаздардың еңбегі! 

Сіздерге өздеріңіздің баға жетпес тәжірибелеріңізді жас ұрпаққа бере отырып, ұзақ жылдар бойы жігерлі де, күш-қуатқа толы болуларыңыз үшін  мықты денсаулық   тілейміз!

Біз Метеорология және гидрология кафедрасына жаңа жетістіктер, қызықты жобалар және ең бастысы - талантты және жауапты студенттердің көп болуына тілектеспіз.

Өйткені, білікті кадрлар-біздің ортақ болашағымыздың негізі!

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз