Елдің солтүстік жартысында жаздық дәнді дақылдарды жинау жалғасуда. Агрометеорологиялық жағдайлар жақсы болды.
Республиканың оңтүстік-шығысында (Аламаты, Жамбыл облыстары) күздік бидай егуге кірісті.
Елдің оңтүстігінде (Түркістан облысы) жылу сүйгіш дақылдар (соя, мақта) егістіктерінде мақтада «1-ші қорапшаның ашылуы» фазасы, сояда «пісудің екінші кезеңі» фазасы байқалады. Жетісу облысы Сарқанд метеостанциясының маңында соя жинауға кірісіп, Жалын агропост округінде мақта жинауға кірісті. Өсімдіктердің жағдайы жақсы және өте жақсы.
Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарындағы жүгері дақылдарында "толық пісу" даму кезеңі байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы, кейбір егістерде өте жақсы. Жетісу облысының Жаркент және Түркістан облысының Шымкент метеостанцияларының айналасында жүгері жинау жұмыстары жүргізілді.
Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында күнбағыс егістіктерінде "егін пісу" фазасы байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбіне жақсы және кейбір жерлерде өте жақсы жағдайда. Шығыс Қазақстан облысы Зырян, Саратовка және Шемонаиха метеостанцияларының айналасында күнбағыс жинауға кірісті.
Солтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскелерінде майлы зығыр дақылдарында "толық сарғайып пісу" даму фазасы байқалады. Солтүстік Қазақстан облысының Возвышенка метеостанциясының айналасында егін жинауға кірісті.
Мал шаруашылығы аумағының басым бөлігінде жайылымдар әлсіз тапталған, Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданғы жайылымдары және Маңғыстау облысында кейбір жайылымдары тапталмаған, Алматы облысының Жамбыл ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов, Ақжайық аудандарында жайылымдар қатты тапталған, қалған жайылымдарда бірқалыпты тапталуы байқалған. Қазіргі уақытта жайылымдарда шымның құрғақ болуы байқалады.
Топырақтың метрлік қабатында Ақтөбе, Маңғыстау облыстарын қоспағанда, барлық облыстарда және Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстарының кейбір аудандарында топырақта ылғалдың жиналуының оңтайлы және қанағаттанарлық жағдайлары қалыптасты.