Қазгидромет Кореяның қоршаған ортаны қорғау қауымдастығымен (KEIA) кездесу өткізді

IconЖарияланды 16.10.2024

Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің мамандары Кореяның қоршаған ортаны қорғау қауымдастығының (KEIA) өкілдерімен кездесті.

Кездесуде тараптар атмосфералық ауа мониторингі, қолайсыз метеорологиялық жағдайларды болжау, атмосфералық ауаның сапасын бақылау және Қазақстан климатының өзгеруі мәселелерін талқылады.

«Қазгидромет» РМК мамандары біздің елімізде атмосфералық ауа мониторингі қалай жүргізілетіні, сондай-ақ бақылау желісін дамыту және жетілдіру  жоспарлары жөнінде әңгімелеп берді.

Келіссөздің қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамытуға, консультациялық көмек көрсетуге және атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізетін корей жабдығымен таныстыруды өткізуге дайын екенін білдірді.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз