Республика күніне орай құттықтаулар

IconЖарияланды 24.10.2024

Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысынбаев Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің қызметкерлерін мемлекеттік марапттармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.

 «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары С. Б. Саиров «Құрмет» орденімен марапатталды. Өңірлік филиалдардың қызметкерлері лайықты марапаттарға ие болды, атап айтқанда гидрометеорологиялық салада 40 жылдан астам жұмыс істеген жеті бақылау желісінің қызметкерлері – Сейділдаев З., О. в. Завадская, А. Х. Байжанов, А. Д. Дюкарев, Гимадеева Л.С., Клиновитский И.Ф. және Мирошник Т. Н. «Еңбек ардагері» медалімен, сегіз қызметкер «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен, жиырма алты қызметкер ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің құрмет грамотасымен және алғыс хатымен, сондай-ақ 16 қызметкер –
«Қазгидромет» РМК Бас директоры Данар Әлімбаеваның құрмет грамотасымен марапатталды.

Әріптестерімізді Республика күнімен құттықтаймыз және одан әрі табысты жұмыс істеп, елімізді көркейте беруіне тілектеспіз.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз