Пархач көлінде өлі балықтардың табылуына байланысты баспасөз парақшасы

IconЖарияланды 13.08.2020

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Пархач көлінде өлі балықтардың табылуына байланысты, 2020 жылғы 12 тамызда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы жоспардан тыс шығып, Пархач көлінің су сынамаларын алды.

Су сапасын талдау 44 физика-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Бірінші күнгі талдау нәтижелері бойынша су өте лайланған (мөлдірлігі-9) және шіріген балықтың иісі бар екендігі атап өтілді.

Зертханалық талдау нәтижелері бойынша оттегіні химиялық тұтыну бойынша шекті норманың 11 есе артуы тіркелді – 380 мг/дм3. Бұл тоғанның органикалық заттармен ластануын көрсетеді.

Қазіргі уақытта негізгі иондар, ауыр металдар және 5 тәулікте оттегіні биохимиялық тұтыну бойынша суды талдау жалғасуда, олардың нәтижелері қосымша жарияланады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз