Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары Қазгидрометке келді

IconЖарияланды 28.10.2024

Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне «Экологиялық және су саясаты» пәні бойынша көшпелі дәріс аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік саясат» білім беру бағдарламасының магистранттары келді. Олардың «Қазгидромет» РМК-ге келуі Қазақстанда жүргізілетін климаттық және экологиялық мониторингпен танысудың маңызды кезеңі болды. Көшпелі дәріске қатысушылар үшін «Қазгидромет» РМК мамандары өз қызметінің негізгі бағыттары - метеорология, гидрология, экология және климатология бойынша таныстырылым өткізді. Сонымен қатар қоршаған ортаның ластануын бақылау сынақ зертханасының, гидрометорталықтың және тарих мұражайының жұмысы көрсетілді. Магистранттар белсенділік танытып, Қазақстан Республикасының экологиялық және су саясаты саласындағы мемлекеттік саясат жөнінде сұрақтар қойды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз