Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстан аумағының басым бөлігі кең циклонды қамтиды, осыған байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын жауып, қарға ұласады, солтүстік жартысында боранмен қар жауады, елдің басым бөлігінде көктайғақ, екпінді жел мен тұман күтіледі. 07 қарашада түнде республиканың солтүстігінде қатты қар жауады, елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында 30 м/с және одан да көп екпіні бар өте қатты жел сақталады.
Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасының түнде 5-10 градусқа дейін, күндіз 2-7 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 5 градус аяз - 3 градус жылы, таулы аудандарда 6-11 аяз.