Республиканың солтүстік жартысында жаздық дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды. Республиканың оңтүстік-шығысында (Аламаты, Жамбыл облыстары) күздік бидай егу жұмыстары жалғасуда және сапалы жүргізілуде. Алматы және Жетісу облыстарының бақылау учаскелерінде "астықтың өнуі"-"көшеттер"даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы жақсы және кей жерлерде өте жақсы. Жамбыл облысында күздік бидайдың бақыланатын учаскелерінде "көшеттер"-"3-ші жапырақ"даму кезеңі байқалады, өсімдіктердің жағдайы жақсы және өте жақсы.
Елдің оңтүстігінде (Түркістан облысы) жылуды жақсы көретін дақылдар егістігінде (мақта) егін жинау жалғасуда.
Қостанай және Павлодар облыстарында барлық күнбағыс егістіктерінде «толық сарғайып пісу» даму байқалады. Павлодар облысының Петропавловка метеостанциясының маңында егінді жинауға кірісті.
Мал шаруашылығы аумағының басым бөлігінде жайылымдар бір қалыпты түрде тапталған, кейбір жайылымдарда әлсіз тапталу байқалды, Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданында және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында жайылымдар тапталмаған, Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында жайылымдар қатты тапталған. Көптеген жайылымдарда шымның ығал болуы, ал солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста және оңтүстікте кейбір жайылымдарда шымның құрғақтығы байқалады.
Қазан айының үшінші онкүндігінде жүргізілген бақылаулардың нәтижелері бойынша республиканың оңтүстік жартысында егістік және метрлік топырақ қабаттарында ылғалдың жиналуы оңтайлы қалыптасты, батыстың солтүстік, оңтүстік және жекелеген аудандарында топырақта ылғалдың жиналуы жеткіліксіз болды, республиканың орталық бөлігі мен шығысында негізінен топырақта ылғалдың жиналуы оңтайлы және қанағаттанарлық болды.