Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Республиканың барлық дерлік аумағында ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады; Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болжанады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қарлы бұрқасын, көктайғақ құбылыстары, елдің басым бөлігінде екпінді жел күтіледі. 12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты қар, 13 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы болжанады. Тек батысында, 14 қарашада елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
Батыс облыстарында ауа температурасының түнде 0-11 аяздан 8 градус аяз-3 градус жылуға дейін, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығындағы өңірлерде түнде 8-18-ден 3-15 аязға дейін, күндіз 5-12-ден 0-8 аязға дейін, республиканың шығысында 13 қарашада ауа температурасының түнде 10-25 аязға дейін, күндіз 5-16 аязға дейін төмендеуі күтіледі, 14 қарашада түнде 7-20 аязға дейін, күндіз 2-13 аязға дейін, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады, түнде 6 градус жылудан - 6 градус аяздан, 1-10 аязға дейін, күндіз 3 градус аяз - 5 градус жылуға дейін.