2024 жылдың 12 қарашасы күні Астана қаласында Финляндия тәжірибесі болып табылатын Су мен ауаның ластануын мониторингілеудің инновациялық автоматтандырылған жүйелері бойынша пленарлық отырыс өтті. Отырысты Финляндия елшілігі ұйымдастырды, өйткені Финляндия - тұрақты даму көрсеткіштері, ауа мен судың сапасы бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады.
Кездесудің негізгі мақсаты - қатысушыларды Финляндияның таза ауа мен суды қамтамасыз ету тәжірибесімен таныстыру болды. Қазақстанда олардың тәжірибесі практикалық қолданыс тапты. Қазгидромет атмосферадағы газ қоспаларының, шаң мен аэрозольдердің таралуын болжау үшін 2022 жылдан бері SILAM финдік экологиялық моделін пайдалана отырып есептеулер жүргізуде, бұл ауа сапасын мониторингілеудің маңызды құралы болып табылады. Жақында SILAM моделінің жаңа нұсқасы енгізілді, оның деректері «Қазгидромет» РМК сайтында статикалық және интерактивті карталар түрінде қолжетімді. Аталмыш карталарда ауаны ластаушы заттардың қазіргі шоғырлануы, сондай-ақ 24 және 48 сағатқа арналған болжамдары көрсетіледі. Бұл әсіресе аллергиямен және тыныс алу жолдары ауруымен ауыратын адамдар үшін және денсаулықты сақтауға бағытталған оңтайлы шешімдер қабылдауда пайдалы.