Каспий теңізі деңгейінің 2020 жылғы 13-18 тамызға арналған болжамы

IconЖарияланды 14.08.2020

Физика-географиялық жағдайлардың ерекшеліктері мен Каспий теңізі түбінің бедерінің сипаты бойынша Солтүстік, Орта және Оңтүстік Каспийді атап айтуға болады. Солтүстік Каспий (Қазақстан аумағы) ерекше таяз сулармен ерекшеленеді, орташа тереңдігі 4-5 м болатын қайраң шегінде орналасқан.

«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде деңгейдің ауытқуы ең жоғары белгі минус 27,62 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,21 м дейін төмендеп, минус 27,91 м белгісі шамасында болады деп күтіледі.

Каспий теңізінің ортаңғы бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғары белгі минус 28,09 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,57 м дейін төмендеп, минус 28,26 м белгісі шамасында болады деп күтілуде.

2020 жылғы 06-11 тамыз аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі өткен аптаның болжамына сәйкес келеді.

Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 10 тамыздағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті.

Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kk/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында ұсынылған.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз