Шымкент қаласының жекелеген аудандарында жағымсыз иістің пайда болуына байланысты, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК өңірлік филиалы 7 тамыздан бастап қаланың жекелеген аудандарында атмосфералық ауаны жоспардан тыс өлшеу жүргізуде. Ауа сынамаларын алу нүктелерін таңдау кезінде, халықтың жағымсыз иіске деген шағымдары негізге алынды.
Тұрақты негізде атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау Шымкент қаласында 6 бекетте, оның ішінде 4 қолмен сынама алу бекетінде және 2 автоматты бекетте жүргізіледі. 11 көрсеткіш: қалқыма бөлшектер (шаң), РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, көміртегі оксиді, аммиак, формальдегид, күкіртсутек, озон анықталады.
2020 жылғы 7-12 тамыз кезеңінде бақылау бекеттері бойынша шекті рұқсат етілетін нормалардың (ШРШ) Самал-3 шағын ауданында - шаң бойынша 2 ШРШ-ға дейін 10 жағдай және РМ-10 қалқыма бөлшектері бойынша 1,5 ШРШ-ға дейін 5 асып кету жағдайы анықталды. Нұрсат ш.а. - азот диоксиді бойынша бір жағдай және аммиак бойынша 6 ШРШ бір жағдай.
12 және 13 тамыздағы жоспардан тыс өлшеулердің нәтижелері ШРШ асып кеткенін анықтаған жоқ. «Қазгидромет» РМК өңірлік филиалының мобильді зертханалары қаланың әртүрлі аудандарында атмосфералық ауаны жоспардан тыс өлшеуді жалғастыруда. Нәтижелер қосымша хабарланады.