Алматы және Жетісу облыстарының бақылау учаскелерінде ауаның орташа температурасының 5°С дейін және одан төмен болуы байқалған, күздік бидайдың вегетациялық кезеңі тоқтаған.
Жамбыл облысында күздік бидай бақыланатын учаскелер «дәннің өнуі» - «көктеу» даму фазаларында, Қордай агропосты мен Сарыкемир метеостанциясының маңайындағы жеке учаскелерде «3-ші жапырақ» фазасы байқалады. Өсімдіктердің жағдайы жақсы және өте жақсы. Өсімдіктердің биіктігі 8-11 см.
Түркістан облысының Екпенді агропосты, Қазығұрт және Шымкент метеостанцияларының маңайларында онкүндіктің соңында «көктеу» даму фазасы байқалды. Өсімдіктердің жағдайы жақсы және қанағаттанарлық. Өсімдіктердің биіктігі 5-13 см.
Мал шаруашылығы аумағының басым бөлігінде жайылымдар бірқалыпты тапталған, Ақтөбе облысындағы кейбір жайылымдарының әлсіз тапталуы байқалған, Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында жайылымдар тапталмаған, Алматы облысының Жамбыл ауданында және Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында жайылымдар қатты тапталған.
Жайылымдардың басым бөлігінде шымның дымқыл болуы байқалған, солтүстік-батыстағы кейбір жайылымдарда шым құрғақ, қатқақ шым Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы жеке жайылымдарда байқалады.