«Флагман» мектебінің оқушылары Қазгидрометке экскурсияға келді

IconЖарияланды 29.11.2024

Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің мұражайына елордалық «Флагман» жекеменшік мектебінің оқушылары келді. Балаларға арналған экскурсияны мектептің кәсіби бағдар берушілері – Гүлнара Садық және Айбибі Ноғайбек (ағылшын тілін де үйретеді) ұйымдастырды. 

Экскурсияға бірден төрт сыныптың - 4-ші, 5-ші, 8-ші және 10-шы сыныптың оқушылары қатысты. Бұл іс-шара бастауыш сынып оқушылары үшін   климаттың өзгеруі тақырыбын зерттеумен, ал жоғары сынып оқушылары үшін - кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандықты таңдау мәселелерімен байланысты болды. 

Қазгидромет жұмысының экология, гидрология, метеорология бойынша және басқа да бағыттары балалардың қызығушылығын тудырды. Мамандықтың практикалық жағымен танысу және осы сала мамандарының қалай жұмыс істейтінін көру мүмкіндігі қатысушыларға шабыт берді. 

Экскурсия танып білу, қызығу және қарым-қатынас ахуалында өтіп, оқушылар мен мұғалімдер ерекше әсер алды.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз